№78 «Асыл балабақшасы»  семинар – практикум.

Тақырыбы:
 «Ұлттық кодты сақтап қалу -бесік тәрбиесінен бастау алады».  

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиелеу мен оқыту процесін «Балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің заманауи жолдары» тақырыбында эксперименттік алаң ашып осы   бағытта  біршама тәжірибе жинақтаудамыз.


Тұңғыш президент күні қарсаңында балалбақшамызда «Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбие» кластеріне енетін балабақшаларға арналған қалалық семинар – практикум өтті.

Семинарға қатысушыларға алдымен осы тақырыптың теориялық және заманауи  негізі жайлы мазмұнды да  ықшам, тартымды  түрде «Балалардың ұлттық болмысын заман талабына сай тәрбиелеудің маңызы» тақырыбындағы баяндама ұсынылды . (баяндамашы инновация бойынша әдіскер Битебаева М. С.)


Балабақшамызда , орта, ересек, дайындық  топтарда вариативтік оқыту арқылы жүзеге асатын«Он саусаққа он өнер»бейнелеу өнері студиясы, «Әжемнің үйі ақ жайлау» ауылы (жетекшісі Досаева Г  С),   «Сылдырмақ» ән би студиясы (жетекшісі  Рамазанова Ғ А)  «Тәлім тағлым» ата аналар клубы (жетекшісі Бакирбасова Г Ж) «Жас мамандар» отауын (жетекшісі  - Шынасылова М.Б),   «Шеберлік» әдістемелі-кеңес Орталығы- жетекшісі Битебаева М С жұмыс атқарады.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізудің әдістері семинарға қатысушылардың тікелей практикалық жұмыс орындау арқылы жүзеге асырылды.(қосымша фото, бейне материал ұсынылады)


Семинарға қатысушылар, заман талабына сай, балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің жақсы формалары ойластырылғандығын атап өтті.   Бұл тәжірибені барлық ақпараттық-басылымдық құралдар арқылы, ата-аналармен ынтымақ формаларын түрлендіру арқылы,  балаларға арналған  қосымша оқыту ды  түрлендіріп  насихаттауды жоспарлап отырмыз.

 

 

№78 «Асыл балабақшасы»    семинар – практикум.

Тақырыбы:  «Ұлттық кодты сақтап қалу -бесік тәрбиесінен бастау алады».  

 


Семинар жүргізушісі - инновациялық жұмыс бойынша әдіскер «ҚР-ның білім беру ісінің үздігі» Битебаева Мариям Сүлейменовна


«Елі сүйген, елін сүйген президент»  әдеби-музыкалық монтаж


«Әжемнің үйі- ақ жайлау»
студиясы  жұмыс әдістерін жетекшісі Г.С.Досаева үйретуде.

«Жас мамандар» отауында ұлттық құндылықтарды өздері  зерттеп, танып-біліп балаларға ұсыну әдістерін қарастырудаЖетекшісі- Шынасылова М.Б

Инновация бойынша әдіскер Битебаева М.С жалпы бағыт -бағдар беруде.



 «Тәлім-тағлым » ата-аналар клубы.  Жетекшісі Бакирбасова Г.Ж.