Битебаева М.С

Инновация бойынша әдіскер

«ҚР ның білім беру ісінің үздігі»

 

Қазақстандағы    «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша  ана тілінде  білім алған  тұңғыш  маман  ретінде, атқарған сан қилы іс әрекеттер ішінде,  ұлттық тәрбие дәстүрлерін балабақшаға енгізу және оны  заманауи  жаңа педагогикалық технологияларға негіздеу бағытында ізденістерім мен әдістемелік тәжірибемді, кейінгі, осы саладағы мамандарға  тарату   аға буын біздердің   басты міндеті деп санаймын.  Астана қаласы №78«Асыл»  заманауи позициядағы іскер басшы Махатова Ақбопе Тұрсынқожаевнамен:                          

- балалар мен ата аналардың ұлттық болмысы, ұлттық құндылықтарды, әсіресе, қазақ тілін меңгеруге деген ниеті мен құлшынысы бәсеңсігендігін,

- ұлттық тәрбие дәстүрлерін   отбасында заман ағымына сәйкестіндіре отырып  қолдана білу жолдары жайлы білімдері мен әдіс тәсілдерімен  жете таныс еместігін, оның  обьективті және субьективті себептерін,

- тәрбиешілердің ұлттық құндылықтарды ұсына білу теориялық-әдістемелік білім деңгейін зерттей келе:

2017-2018 оқу жылынан бастап «Мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу вариативтік жолдары» атты жобамен  Астана қаласы  Білім департаменті ұйымдастырған  байқауға қатыстық. Тақырып актуалды деп саналып,  эксперименттік алаң ашу жайлы бұйрық берілді.

Астана қаласы білім департаменті топтастыруына байланысты, балабақшамыз «Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік -патриоттық тәрбиесі»  кластерге еніп, осы оқу жылы барысында  Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы кластерге біріккен 9 балабақшада,  балаларға адамгершілік- патриоттық тәрбие беру бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Солардың бірі әр балабақша  семинар өткізіп, тақырыпты ашу бағытында өз тәжірибесін ұсынды.

Осы кластер шеңберінде: «Мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу вариативтік жолдары» тақырыбындағы жұмыстарымызды «Жібек жолы» білім керуені  атты әдістемелік- музыкалық бағдарлама ұсынылып,  тәжірибе бөлістік.

Семинарға белсене қатысқан Г.Бакирбасова  «Ақылды бала» орталығында «Қазақ халқының өлшемдері»тақырыбын ашуда сусымалы заттарды қазақ халқы қалай өлшеген және қандай ұғымдарман белгілегендігін  жапсыру және көркем әдебиет оқу қызметімен  интеграциялау арқылы мазмұнды ұйымдастырса,  тәрбиеші  Г.Досаеваның «Әжемнің үйі ақ жайлау»студиясында қыз балаларға «Шашақ жасау» ер балалар «Қамшы өру» тақырыптарын балаларды әжелерінің ауылына алып  келіп,   әжелер немерелеріне  жүнді қырқу, сабау,иіру, одан киім тоқу сияқты әрекеттерді көрсетіп берсе , немере қыздары әжелерінің ыңылдата салған тамаша әндерін тыңдай отырып, иірілген жіптен  шашақ жасап, ер балалар үш таспалы қамшы өріп  әжелерінің мақтауына ие болды, оқу қызметін тәрбиеші  музыка және хреографиямен интеграциялап ұтымды ұйымдастыра білді.

Балабақшаның «Тәлім тағлым» ата аналар клубын басқаратын М.Шынасылова ата аналарға «Қазақ халқының табиғатты болжай білу дәс түрлері» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, ата аналар білімі мен тәжірибеснің  молаюын, заманауи қондырғылыр арқылы табиғат болжамын жасауы мен қазақ халқының қоршаған ортадағы тіршілік атаулының қылығы мен әрекеттерін бақылай отырып, ауа райының  өзгеруі жайлы болжамдар жасай білу қабылетін түрлі тапсырмалар орындау, жұмбақтар шешу, ойын ойнау арқылы ұйымдастырып ата аналар тарапынан үлкен қызығушылық, құштарлық тудырып, коучинг мақсатын жақсы шеше білді.

Сонымен қатар, барлық оқу қызметіне ауыз әдебиетіндегі Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Асық сияқты кейіпкерлер келіп балаларға өздері жайлы не білетінін тексеріп,  тапсырмаларын орындатып жүрді.

Семинарға қатысқан меңгерушілер мен әдіскерлер тарапынан  балабақшада  әр жас ерекшелігіне сай  ұлттық материалды ұсыну іріктелетіндігі және бұл іске ата аналарды қамту жүйесі  сапалы ойластырылғандығын, интеграциялық оқытуды тәрбиешілер жақсы меңгергендігін атап, көрнекі   заттар, таңдалған ертегі мен жұмбақ жаңылпаштар, дидактикалық ойындар ұлттық құндылықтарды жақсы меңгеруге, еске сақтауға, құрметтей білуге  мақсатын шешуге ұтымды ойластырылған деген пікір айтып, ризашылықтарын білдірілді.

Сөйтіп, вариативтік оқыту жүйесінің жаңа  жолдары арқылы мектепке дейінгі балаларды     дүниені танып білудің ұлттық негіздерімен таныстырып, қол өнер,  ән-би өнеріне бейімдеу, қыз инабаты, жігіт сұлтандығы сияқты мінез сапаларының алғашқы қарапайым  негіздерін  ата анамен ынтымақтаса отырып жүзеге асыру  жақсы жемісін бермек деген ойдамыз.