Астана қаласы, Есіл ауданы №78 «Асыл» балабақшасында «Аспан астындағы сахна және Асық ойын әлемі» атты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Асық ойыны арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шын мәнінде асық жастайынан баланың ой қабілетін шыңдап, епті, ширақ, ұстамды сергек болуға баулиды. Бала ойын арқылы дамиды, сондықтан ұлттық ойынның да маңызы зор, әсіресе елін сүюге, имандылыққа тәрбиелейді. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шарада, тәрбиеленуші балалар мен әкелері де өзара жарысқа қатысып атсалысты. Іс-тартымды өтті.Жеңімпаздар анықталып алғыс хаттармен маратталды. Сонымен қатар осы іс-шараға бірнеше балабақша меңгерушілерімен педагогтар қатысып өз пікірлері мен бөлісті. Келешекте осы ұлттық ойынды қалалық деңгейде өткізуге ұсыныс ұсынылды. Балабақша ұжымы осы мерекелік іс-шараға тыңғылықты дайындалған. Балабақшаның жаз бойы атқарылған жұмыстарының нәтижелерін бау-бақша өнімдерімен қол өнер және асықтан жасалған ойыншықтар көрмесі ұйымдастырылған.
«Асық ойыны алаңын» ашылу барысында барлық тәрбиешілер мен педагогтар асықтардан түрлі ойындар, әдістемелік көрнекіліктер, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін і қолөнер бұйымдарын жасап өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның жалғасы бүлдіршіндердің мерекелік ән-шашу, биімен және педагогтардың сахналық қойылымымен аяқталды. Ата-аналармен , қатысқан қонақтар ризашылықтарын білдірді.









